БЖБ 11-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан (ҚГБ) «Іс-жүргізу құқығының негіздері»

«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Құқық негіздері» 11-сынып 4-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ 11-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан (ҚГБ) «Іс-жүргізу құқығының негіздері»

«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 
Тақырып Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығы 
бойынша іс жүргізу. Талап қою іс жүргізуінің негіздері. 
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын 
уәкілетті органдар.
Оқу мақсаты 11.4.1.2 Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын 
қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу 
ерекшеліктерін айқындау
11.4.2.1 Талап қою шарттарын түсіндіру
11.4.3.1 Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді 
қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды 
тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында 
ажырата білу
Бағалау критерийі Білім алушы 
 Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын 
қылмыстық құқықбұзушылық істері бойынша іс 
жүргізу ерекшеліктерін анықтайды
 Талап қою шарттарын түсіндіреді
 Жағдаяттар мысалында әкімшілік құқық бұзушылық 
бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың 
(лауазымды тұлғалардың) құзыретін ажыратады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
 Қолдану 
 Жоғары деңгей дағдылары 
Орындау уақыты 20 минут 
Тапсырма 
1. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері 
бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін жазыңыз. 
1.
2.
3.
2. Талап қою шарты бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Талап арызда жауапкер туралы қандай мәлімет берілуі тиіс?
Талап арызда талап қоюшы туралы қандай мәлімет берілуі тиіс?
Талап арызда істің мән-жайы бойынша не жазылуы тиіс?
Талап арызда талап қоюдың бағасы, өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай 
сомалар қандай сипатта көрсетіледі?
Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар қандай