ТЖБ 11-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан (КГБ)
Құқық негіздері 11 сынып 4-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.«Құқық негіздері» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (11-11 сыныптар)
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Тест тапсырмаларынан білім алушыұсынылған жауап нұсқаларыныңдұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушықысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 11-сынып Құқық негіздері 4-тоқсан (КГБ)
«Құқық негіздері» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Кестені толтырыңыз.
Жас ерекшелігі Мүдделерін сотта қорғаушы Жауаптар
0-14 жас 1.
2.
Ата-ана.
Заңды өкілі
Прокурор
Өзін-өзі
14-18 жас 1.
2.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын
алу бойыынша ұсыныс жазыңыз.
1.
2.
[6]
2. Талап қою арызының мазмұнын ретік санын жанына орналастырып, құрастыр.
Жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілген болса), жауапкердің туған күні, мекен-жайы немесе тұрғылықты жері, ал
егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның атауы, орналасқан жері, салық
төлеушінің тіркеу номері
Арыз беріліп отырған соттың атауы
Талапкер құқына, еркіне немесе заңды мүддесіне қайшы келген әрекеттің мәні және
оның талап-арызы;
Талапкердің аты-жөні, туған күні, мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы бойынша
тіркелгені туралы мәліметтер, немесе, егер талапкер ұйым болса, оның тұрған жері,
салық төлеушінің тіркелу номері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, арыз беруші
оның өкілі болса, сол өкілдің аты мен мекен-жайы;
[4]
3. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне (36-тарау) сүйене отырып құқықтық
жағдаяттарды қарастыратын лауазымды адамдарды сәйкестендіріңіз.
1. Тұрғын үй жанында азық-түлік сататын дүкен орналасқан.
Осы дүкеннен үнемі азық-түлік сатып алатын тұрғындар,
сатушының бақылау-кассалық машинаны
қолданбайтындығын байқайды. Осылайша дүкен иесі
мемлекетке төленетін салық көлемін азайтады.
Сұрақ: Жеке кәсіпкердің бақылау-кассалық машинаны
қолдану тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартатын
орган/лауазымды тұлғаны атаңыз?
А) Мемлекеттiк
еңбек инспекциясы
органдары
2. Азамат С. түрлі тауарлар сататын базарға барып, өзіне
теледидар сатып алады. Сатушыдан бұл теледидар туралы
ақпарат беруін, яғни шығарылған жері, дайындаушы,
тұтыну қасиеттері және кепілді міндеттемелері туралы
айтуын өтінеді. Алайда сатушы ол туралы қажетті
ақпаратты бермейді.
Сұрақ: сатып алушыға тауар туралы ақпарат бермеген
сатушыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін
жауапқа тартатын мемлекеттік орган/лауазымды тұлғаны
атаңыз?
В) Мемлекеттік кіріс
органдары
3. Жасы 45-тегі азамат А. жұмыссыз еді. Жұмыспен қамту
орталығына тіркелгеннен кейін ол мекеме көп ұзамай еден
жуушы жұмысын ұсынады. Азамат А. келісіп аталған
жұмыс орнына жұмысқа кіреді. Жұмыс беруші азамат А.-
мен еңбек шартын жасаспайды. Арада бір жыл уақыт өткен
С)Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау
саласындағы
уәкілетті орга