БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып 1-тоқсан «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып 1-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген


БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып 1-тоқсан «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»


«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
 Оқу мақсаты 3.2.1.1* Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін
түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және
оның құрылымдық бөліктерін анықтау
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге
бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.1.1* Жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер
арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау
мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін
құрап жазу
 Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрлерін ажыратады
• Мәтін бойынша пікір білдіруге арналған сұрақтарға
жауап береді
• Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Назымға ойын неліктен қызықсыз болды? Белгіле ()
• Назымның анасының айтқанымен келісесің бе? Неліктен?
• Мәтіннің түрін анықта__________________________________
2-тапсырма
 Назым секіргіш жібін алып, аулаға шықты. Секіріп ойнай бастады. Жанына
досы Шынар келіп, біраз қызықтап тұрды да:
- Назым, екеуіміз кезек секіріп ойнайық, - деді.
- Бұл менікі, керек болса өзіңдікін әкел де, секіре бер,- деді Назым.
Шынар ренжіп, кетіп қалды. Назым жалғыз өзі ойнап, жалықты. Ол қабағын түйіп,
үйіне кірді.
- Қызым, саған не болды? - деді анасы.
- Ойын қызық емес, - деді Назым.
- Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді,- деді, манадан бері қызын
терезеден бақылап тұрған ана