БЖБ «Математика» 3-сынып 1-тоқсан «1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту»

«Шамалар және олардың өлшем бірліктері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 3-сынып 1-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелікұсыныстардабөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған.

 

БЖБ «Математика» 3-сынып 1-тоқсан «1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту»

«1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
4.3 Тізбектер
2.1 Санды және әріпті өрнектер
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Оқу мақсаты 3.1.1.3 Үштаңбалы сандардың разрядтық және кластық
 құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын
 анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
3.4.3.1 1000-ға дейінгі сандар/ мыңдықтармен миллионға
дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау
3.2.1.2 Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті
өрнектің мәнін табу
3.2.2.1 Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың
қосындысына жіктейді
• Сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтайды
• Екі айнымалысы бар әріпті өрнектердің мәнін табады
• Қарапайым теңсіздіктердің шешімін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну