БЖБ «Әдебиеттік оқу» 4-сынып «Құндылықтар»

«Құндылықтар» ортақ тақырыбы жиынтық бағалау

«Әдебиеттік оқу» 4-сынып 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ «Әдебиеттік оқу» 4-сынып «Құндылықтар»

«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты

4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қояды
• Автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді
• Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояды