БЖБ Жаратылыстану 4-сынып «Жанды табиғат. Өсімдіктер»

«Жанды табиғат. Өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану» 4-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

БЖБ Жаратылыстану 4-сынып «Жанды табиғат. Өсімдіктер»

«Жанды табиғат. Өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 4.2.1.4 Тұқым таралу жолдарын сипаттау
4.2.1.5 Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді
ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдік тұқымының таралу жолдарын атайды
• Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді
ажыратады
• Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің
ерекшелігін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Өсімдіктің тұқымы қандай жолдармен таралады? Жаз.