БЖБ Жаратылыстану 4-сынып «Жанды табиғат. Жануарлар»
«Жанды табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жаратылыстану» 4-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Жаратылыстану 4-сынып «Жанды табиғат. Жануарлар»
«Жанды табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 4.2.2.2 Бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау
4.2.2.3 Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату
4.2.2.4 Симбиоздық қарым-қатынасқа мысал келтіру
4.2.2.7 Жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бунақденелілердің даму кезеңдерін атайды
• Жануарларды қоректену түріне қарай жіктейді
• Симбиоздық қарым-қатынаста тіршілік ететін жануарларды атайды
• Жойылу қаупі төніп тұрған жануарларды
атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суретті пайдаланып, көбелектің даму кезеңдерінің атауын жаз.