БЖБ «Қазақ тілі Т1» 5 сынып «Киім. Сән. Талғам. Фонетика»
«Киім. Сән. Талғам. Фонетика» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі Т1» 5 сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ «Қазақ тілі Т1» 5 сынып «Киім. Сән. Талғам. Фонетика»
«Киім. Сән. Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды
анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға
қатысты сұрақтар құрастырады;
Оқылым мәтінінің негізінде негізгі ойды сақтай
отырып, компрессия жасайды
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнына қатысты 2 сұрақ, мәтіндегі нақты ақпараттарға
қатысты 3 сұрақ құрастырыңыз.
Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ
1)_______________________________________________________________________
2)_______________________________________________________________________
Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ
1)_______________________________________________________________________
2)_______________________________________________________________________
3)_______________________________________________________________________
Мәтіндер
1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді.
Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын».
– Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің
қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?
– Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын.
Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп
жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен
киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде
ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән
журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын