БЖБ «Математика» 5 сынып «Натурал сандар және нөл саны»
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 5 сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып оқушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген
БЖБ «Математика» 5 сынып «Натурал сандар және нөл саны»
«Натурал сандар және нөл саны» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал
сандарға арифметикалық амалдар қолдану
Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу
Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді
шығару. Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі
Оқу мақсаты 5.1.2.3 санды өрнектердің мәндерін табу үшін көбейту
мен қосу амалдарының қасиеттерін қолдану
5.2.2.1 арифметикалық амалдардың белгісіз
компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу
5.5.1.1 натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана
отырып, мәтінді есептерді шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
Қосу мен көбейту амалдарының қасиеттерін
қолданып, санды өрнектің мәнін табады
Теңдеуді шешеді
Натурал сандарға арифметикалық амалдар
қолданып, мәтін есепті шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырмалар
1. Өрнектің мәнін тиімді әдіспен табыңыз:
a)
5084976245084
b)
847594 6 153
2. Теңдеуді шешіңіз және тексеруді орындаңыз:
24 (78 m) 36
3. Есепті шешіңіз:
Көрермендер залында 360 орын бар. 42 адамнан тұратын 8 топ өз орындарына
отырғаннан кейін неше орын бос қалады?