ТЖБ «Қазақ әдебиеті» 5-сынып 1-тоқсан

1-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ әдебиеті» 5 сынып

«Қазақ әдебиеті»  5 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. «Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады:
Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.

ТЖБ «Қазақ әдебиеті» 5-сынып 1-тоқсан

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


1.«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбын атаңыз.
А. әділдік
В. батырлық
С. махаббат
Д. ынтымақ
[1]
2. Батырлар жыры әдебиеттегі қандай жанрға жататынын анықтаңыз.
А.драмалық
В. лирикалық
С. трагедиялық
Д. эпостық
[1]
3.«Бұл не қылған дауыс?»деп, Қобыландының Естемістен сұраған сұрағына Естемістің
жауабын табыңыз.
А. ...Бұл сапарға бармасын, Бұл олжадан алмасын.
В. ...Тақымға салып сүйретіп, Қабырғасын күйретті.
С. ...Теңгені атып түсірген, Құртқаны сұлу сол алар.
Д. ...Көктім Аймақ патшасы, Кезекті бұған береді.
[1]
4. « -Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны - өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім.
Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды...»деген үзінді ертегінің қай бөлігі екенін
анықтаңыз.
А. Кендебайдың аралға баруы.
В. Кендебайдың биені күзетуі.
С. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы.
[1]
5. «...Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз», - дейді. Әңгімедегі
қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңыз.
А.хан
В. кемпір
С. екі бала
Д. жетім бала