БЖБ «Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып «Туған жерім - аялы алтын бесігім»

Туған жерім - аялы алтын бесігім» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 6-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

БЖБ «Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып «Туған жерім - аялы алтын бесігім»

Оқылатын шығарма Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте
құрыштай бол төзімді», Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер,
қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық»
Оқу мақсаты 6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды
(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола,
литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
6.3.4.1 - шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі
туралы сыни хабарлама жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды
• Көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора,
кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория,
антитеза, градация, арнау) ажыратады
• Сыни хабарлама жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Өлеңді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңыз, үзіндінің маңыздылығына
тоқталыңыз.
Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме,
Қатарланып, қарланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме!
Қабырғадан қараған
Достым менен дұспаным:
«Апырым, ер Доспамбет!» дегей ме! ...