БЖБ «Дүниежүзі тарихы» 6 сынып «Рим империясының құлауы»

«Рим империясының құлауы»  бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Дүниежүзі тарихы» 6-сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген

БЖБ «Дүниежүзі тарихы» 6 сынып «Рим империясының құлауы»

«Рим империясының құлауы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады?
Неліктен Византия 568 жылы Византия түрік қағаны
Истемиге елші жіберді?
Оқу мақсаты 6.3.1.1 «Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық
шегін білу және уақыт сызығында белгілеу
6.3.2.1 Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және
жіктеу
6.3.2.4 Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес
елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып,
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 «Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық
шегін анықтайды және уақыт сызығында белгілейді
 Рим империясының ыдырау себептерін жіктейді
 Византияның көршілес елдермен халықаралық қарым-
қатынасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Уақыт сызығындағы хронологиялық шеңберді ерте, орта және кейінгі орта ғасыр
кезеңдерге бөліп, атауларын ретімен жазыңыз.
V VI VII VIII IX X XI XII XIII XIV XV XVI XVII
2. Рим империясының ыдырау себептерін берілген кестеге топтастырыңыз.
a) Рим империясының әскерлері өз әсери қуатын жоғалтты
b) Құлдар өнеркәсіптің дамуына қарсы болды
c) Варварлардың шапқыншылығы көбейді
d) Құл иеленушілік жүйе елдің дамуын тежеді
Саяси себептер Әлеуметтік-экономикалық себептер
3. Ақпаратты оқып, сұрақтарға жауап жазыңыз.
1. 568 жылы Түрік қағанатының елшілігін бастаған соғды көпесі Маниах Иранға
қарсы Византия империясымен сауда және әскери келісімге қол қойды. Өйткені, бұл
дипломатияның негізгі мәні: Византияның көмегімен Иранды талқандау арқылы Таяу
Шығысты жаулауға қол жеткізгісі келді.
2. «Жылнамалар жинағында» баяндалғандай X ғасырда Княгиния Ольганың үкіметі
Византия императоры мен патриархына барып, оларды Константинопольде
шоқындырды. Византия елшісі Киев жеріне келіп, екі ел арасында дипломатиялық
қатынасқа қадам жасады.
a) Византия империясы көршілес мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болды?
4