ТЖБ «Жаратылыстану» 6 сынып 1-тоқсан

1-тоқсандық жиынтық бағалау «Жаратылыстану» 6-сынып

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған. Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

Жаратылыстану пәні бойынша қазақ тіліндегі негізгі орта білім деңгейіндегі (5-6 сынып) оқу бағдарламасы.

Тапсырма түрлері:
КДЖ - Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырамаларынан білім алушылар берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. 

ТЖБ «Жаратылыстану» 6 сынып 1-тоқсан

«Жаратылыстану» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Ғарыш әлемі туралы ғылым саласын анықтаңыз.
A)Астрономия
B) Физика
C) Математика
D)Химия
[1]
2. Биологияның зерттеу нысанын көрсетіңіз.
A)Табиғат құбылыстары
В) Тірі ағзалар
С) Ғарыш денелері
D) Заттардың құрамы
[1]
3. Суретке қарап, жер ғаламшарының қасиеттерін анықтаңыз
(а) Суреттегі жер қозғалысының түрін жазыңыз.
__________________________________________
(b) Жер қозғалысының әсерінен жер бетінде
болатын өзгерісті анықтаңыз.