БЖБ «География» 7-сынып «Картография және географиялық деректер базасы»

«Картография және географиялық деректер базасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 7-сынып

 
Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ «География» 7-сынып «Картография және географиялық деректер базасы»

Тақырып Географиялық номенклатура
Оқу мақсаты 
 
 
Бағалау критерийі 7.2.1.2  Географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді
 
 Білім алушы
• Картадан географиялық нысандарды анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз, тапсырмаларды орындаңыз.
a. Карта  дегеніміз не? _______________________________________
b. Масштаб дегеніміз  не? ____________________________________
c.Сандық масштабты атаулық масштабқа айналдырыңыз;  1:100 000
d. 1 және 2-суреттегі картаның түрін анықтаңыз.
 
 
1-сурет  
2- сурет
Жауап Жауап 
 
 
e. Картаның күнделікті өмірде қолданылуына  мысал келтіріңіз. ________________________________________________________________________
 
 
2. Географиялық координаталар арқылы географиялық нысандарды анықтаңыз.
1-кесте
№ Географиялық координаталар Географиялық нысан 
1 06° о.е.  105° ш.б.
2 28° с.е.  83°   ш.б.
3 53° с.е.  107°   ш.б.
 
a. 1-кестедегі анықталған  географиялық нысандарды  шартты белгілер арқылы кескін картаға белгілеңіз. 
 
 
3. Кескін картаға географиялық  нысандарды белгілеңіз. 
a. Кордильер тауларын  және оның  биік нүктесін. 
b. Ніл өзенін және оның ұзындығын.