БЖБ «Дүниежүзі тарихы» 7-сынып «XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания»
«XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниежүзі тарихы» 7-сынып
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, йымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ «Дүниежүзі тарихы» 7-сынып «XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания»
«XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания» және «Ағартушылық идеяларының
таралуы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне
қалай айналды? Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары
еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты?
Оқу мақсаты 7.2.2.1 Тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер
туындыларын пайдалану
7.1.1.3 Еуропалық державалардың отаршылдық
экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің әлеуметтік
құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау (Қытай,
Үндістан, Жапония)
7.2.3.2 Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға
ықпалын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Өнер туындысын пайдаланып, тарихи оқиғаларды
интерпретациялайды
Қытай, Жапония, Үндістанды отарлаудағы
ағылшындардың іс-қимылдарын сипаттайды
Ағартушылық дәуір идеяларының қоғам дамуына
әсерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Суретті пайдалана отырып, ағылшындардың Үндістанды жаппай отарлауына әсер еткен
жағдайларды жазыңыз.
«Ағылшындардың Үндістанды
отарлауы»
1.
___________________________________________
2.
___________________________________________
3.
___________________________________________
4.
___________________________________________
7