БЖБ Биология, 7-сынып «Жасушалық биология Су және органикалық заттар»
«Жасушалық биология Су және органикалық заттар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 7-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 7-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ Биология, 7-сынып «Жасушалық биология Су және органикалық заттар»
Оқу мақсаты 7.4.2.1 Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйелері түсініктері
7.4.2.2 Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату
7.4.1.1 Судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын
сипаттау
7.4.1.3 Азық түліктерде көмірсулар, нәруыздар, және
майлардың бар екендігін дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйелерін
түсіндіреді
• Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының
құрылыс ерекшеліктерін анықтайды
• Судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын
анықтайды
• Азық-түлік құрамындағы органикалық заттарды
зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Суреттерді қарастырыңыз.
(а) Тіршілік деңгейін қарапайымнан бастап күрделену ретін белгілеңіз және атауларын
жазыңыз.
A B C D E
5 __________________________
4 __________________________
3 __________________________
2 __________________________
1 __________________________
(b) Тіршіліктің А және В деңгейіне анықтама беріңіз.