ТЖБ «Қазақ тілі» 7-сынып 1-тоқсан
Қазақ тілі 7 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
ТЖБ «Қазақ тілі» 7-сынып 1-тоқсан
Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика
Көшпенділер мәдениеті. Орфография
Денсаулық – зор байлық. Лексика
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті
сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.
2. Мәтіндегі көтерілген басты мәселеге өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап,
мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш,
эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Қазіргі кезеңде Күннің активтілігі күшейіп, Жер ғаламшарын қыздырып, жылынуын
күшейтті. Егер аспанда бұлт жоқ болса, ауа тез қызып, аптап ыстық болады, бұл күннің
активтілігінің күшеюінен болады. Ресей ғалымдары қазіргі кезеңдегі климаттың ғаламдық
жылынуы табиғи процесс деп есептейді. Жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде климаттың
ылғалды-салқын фазасы 1978-1979 жылдары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді
2012-2013 жылдардан бастап климаттың жылы-құрғақ кезеңі басталып, ұзақ жылдарға
созылады. Алатау етегінде орналасқан Алматы маңында 2013 жылы жаз ыстық, күз жылы,
құрғақ болып, жауын-шашын қарашаның ортасына дейін аз мөлшерде жауды. Ең қатал,
жауын-шашыны аз, жазы аптап ыстық, қуаңшылық жағдай 2018-2021 жылдары байқалуы
мүмкін. Бұл жағдай 2026-2035 жылдарға дейін созылады, сосын кезең аяқталуы ықтимал.
Аталған қуаңшылық жағдайлардың зиянды әсері Қазақстанда, әсіресе, шөл және шөлейт
аймақтарында өте күшті болады деп күтілуде. Климаттың куаңшылыққа ұшырауы тұщы су
тапшылығын туындатып, жазда өте күшті аптап ыстық болады, шөлейттену процесі күшейе
түседі, орман өрті көбейеді.
2-мәтін
Елбасының бастамасымен жасалған «Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы
климат қалыптастырушы басты фактор саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары
елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай
егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып
келеді. Біздің де мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы
өнегесі мен идеясын жастар арқылы жүзеге асыру