БЖБ Жаратылыстану  2-сынып «Менің мектебім» 

«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану»  2-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Жаратылыстану  2-сынып«Менің мектебім» 

өлімше2.3 Адам
Оқу мақсаты2.2.3.1 Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау.
2.2.3.4 Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін
анықтау
Бағалау критерийіБілім алушы
Тірек-қимыл қозғалыс мүшелерінің қызметін
түсіндіреді
Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін
құрастырады
Ойлау дағдыларыныңБілу және түсіну
деңгейіҚолдану
Орындау уақыты15 минут
Тапсырма
1.Адам қаңқасының атқаратын екі негізгі қызметін сипатта.
1)Тірек қызметі:____________________________________________
2)Қорғаныс қызметі: _________________________________________
2.Қима қағаздарды сәйкестендіру арқылы жеке бас гигиенасы ережелерін құрастыр.
Таңертең жуын жәнеалып жүруді ұмытпа
Серуендеуден кейінбеті-қолыңды жу
Тырнағыңды уақытындатісіңді тазала
3.Күнделікті орындалатын жеке бас гигиенасы әрекеттерін жаз.
1)__________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________
16