БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 2-сынып «Менің туған өлкем»

«Менің туған өлкем»  ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі (Т1)» 2-сынып 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 2-сынып «Менің туған өлкем»

«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
БөлімшеОқылым
Жазылым
Оқу мақсаты2.2.1.1*Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?)
мәтінтүрлерін(әңгімелеу/сипаттау/пайымдау)
және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім,
соңы) анықтау
2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс
белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою
Бағалау критерийіБілім алушы
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады
Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды
Сөйлемтүрлерінажыратады,тиістітыныс
белгілерді қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты20 минут
Тапсырма
1. Мәтіннің бөліктерін түсініп оқы.
Мәтіннің басын, ортасын және соңғы бөліктерін анықтап, дөңгелектің ішіне ретін көрсетіп
жаз (1, 2, 3).
2)Мәтінге сәйкес сұрақты белгіле (). Мәтіннің түрін анықтап жаз.
Бұл_____________________________________________мәтіні.
19
Жаз соңында Қанат пен атасы алмадан мол өнім алды.
Алма ағашы жайқалыпөсе бастады. Бірақ алма ағашында зиянды
құрттар пайда болды. Қанат пен атасы зиянды жәндіктермен күресуге
кірісті. Олар құрттарға қарсы дәрі қолданды.
Қанаттың атасы - бағбан. Ол баққа алма ағашының көшетін
отырғызды. Қанат атасына көмектесті.
Қандай?Не істеді?Неліктен?