БЖБ «Математика» 2-сынып «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту»
«Екі таңбалы сандарды қосу және азайту» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 2-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1- 4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелікұсыныстардабөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған.
БЖБ «Математика» 2-сынып «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту»
жиынтық бағалау
Бөлімше1.2 Сандармен амалдар орындау
4.3 Тізбектер
5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты2.1.2.834+23,57-23,45±19,47+33,80-47,100-35
жағдайларындағыекітаңбалы сандарды қосу және
азайту алгоритмдерін қолдану
2.4.3.1 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер
тізбектерінің заңдылығын анықтау
2.5.1.7**Екіамалменшешілетінесептердімодельдеу
және шығару
Бағалау критерийіБілім алушы
34+23, 57-23, 27+34, 61-27, 47+33, 80-47 түріндегі
өрнектердің мәнін табады
100-ге дейінгі екітаңбалы сандар және1000-ға
дейінгі жүздіктер тізбегіндегізаңдылықты
анықтап, жалғастырады
Құрама есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты20 минут
Тапсырма
1.Есепте.
14+ 76 =90 - 36 =
2. Заңдылықты анықта және тізбекті тағы 3 санға жалғастыр.
27, 33, 39,... ,... , ...
710,610, 510,... ,... , ...
3.Есепті шығар.
Мектептің спорт залында 24 футбол добы және одан 13-і артық теннис добы бар.
Спорт залда барлығы неше доп бар?
18