БЖБ «Әдебиеттік оқу» 2-сынып «Менің мектебім»

«Менің мектебім»» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Әдебиеттік оқу» 2-сынып 

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ «Әдебиеттік оқу» 2-сынып «Менің мектебім»»

«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
Түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау
2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана
отырып жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісі бойынша
оқиғаның соңын болжайды
 Өз ойын түсіндіру үшін тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Жалғастырып
айт.
2. Сұрақтарға сүйене отырып, өз мектебіңдегі кітапхана туралы әңгімелеп бер.
Сипаттау сөздерін қолдан.
 Сенің мектебіңде кітапхана бар ма?
 Ол қандай?
 Ол жерге не үшін барасың?
 Қандай кітаптар оқығанды жақсы көресің?