ТЖБ «Әдебиеттік оқу» 2-сынып 2-тоқсан
2-тоқсан бойыншажиынтық бағалау 2-сынып «Әдебиеттік оқу»
2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар,қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады. Көптаңдауыбартапсырмалардабілімалушыұсынылғанжауапнұсқаларынан дұрысын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалардабілім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқакөп таңдауы бар сұрақтар,қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын4тапсырмадан тұрады. Біріншіжәнеекіншітапсырмалартыңдалымменайтылымдағдысын,үшінші тапсырма оқылым дағдысын, төртіншісі жазылым дағдысынтексеруге бағытталған.
ТЖБ «Әдебиеттік оқу» 2-сынып 2-тоқсан
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді мұқият тыңда. Ары қарай не болуы мүмкін? Берілген сұрақтарға сүйеніп,
мәтінді жалғастырып айт.
Сұрақтар:
Ары қарай Бейбіт не істеді деп ойлайсың?
Анасы қарияның сөзін қалай түсіндіруі мүмкін?
Бейбіт одан қандай қорытынды жасайды?