БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып «Сәулет өнері»
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (2-4-сыныптары) «Қазақ тілі»(оқыту қазақ тілінде)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақтабілімалушылардыңоқужетістіктерініңмүмкіндеңгейлері(рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген
БЖБ «Қазақ тілі (Т1)» 3-сынып «Сәулет өнері»
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген
мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылымитанымдық мәтін /жанрын салыстырып,
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
3.4.2.1* Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды
сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
3.4.2.7* Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және
тұрлаусыз мүшелерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді
түрі/стилі/жанры бойынша салыстырады
• Негізгі түбірден туынды сөздер жасайды
• Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20минут
1-тапсырма
Мәтіндерді оқы. Мәтіндер қай стильде жазылған? Сәйкестендір.
• Мәтіндерді салыстыр. Олардың қандай ұқсастығы бар?
_____________________________________________________________________
2-тапсырма
Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жаса.
1) ______________________________________
2) _____________________________________
3) ______________________________________