Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 4-тоқсан «Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 4-тоқсан «Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы»

06 мар 2024, 11:33
Русский раздел / СОР СОЧ / 10 класс
237
0

Жиынтық бағалау «Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы»

Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 4-тоқсан «Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы»

«Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы 
теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада 
көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау
10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, 
фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, 
негізгі идеясын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды
 Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, 
сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, 
ортақ идеяны түсіндіреді
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, 
төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан 
шықпайды.
Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан 
баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті.
— Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып:
— Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін 
баяндап берді.
Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын 
шайқады:
— Дәрігерге көрсетпесе болмас.
Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. 
Көздерінен таса еткілері келмейді.
Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана 
үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді, 
шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін.
Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып 
кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін 
тебе алған жоқ. 
Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:
— Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас 
күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада 
ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға 
болмайды.
Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа 
созылып, тым азып кетті.
Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.