Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 1 тоқсан 10 сынып

ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 1 тоқсан 10 сынып

03 окт 2023, 18:06
Русский раздел / СОР СОЧ / 10 класс
4 315
0

1 тоқсанның жиынтық бағалауына шолу «Қазақ тілі мен әдебиеті» 10 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент – айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 10 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 15 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі).
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1 тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым
Еңбек нарығы – ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты
жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан
ең негізгі ерекшелігі – нарықта мемлекет, корпорациялар, кәсіби одақтар секілді маңызды
институттардың болуы.
Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен
қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік,
демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.
Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң таңдау жүргізіледі.
Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары
шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.
Еңбек нарығында әрбір азамат еңбек етуге, яғни жұмыс істеуге құқылы, бірақ кейбір
азаматтарымыз жұмыс таба алмай, жеке шаруашылықтарда жалданып жұмыс істейді. Енді
жұмыссыз болудың себептерін қарастырайық:
- құрылымдық жұмыссыздық – бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілігі, білімі жоқ
болғандықтан, жұмыс таба алмай жүрген адамдар;
- циклдік жұмыссыздық – өндіріс, кәсіпорын, фирмалар қысқарып, экономикалық
дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуы
- уақытша жұмыссыздық (фрикциондық) – егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса,
тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын
жұмыссыздық.
- маусымдық жұмыссыздық – егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын
жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобы.
1. Терминдерді анықтамасымен сәйкестендіріңіз (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл).
Терминдер Мағынасы Сәйкестендіру
бағаны
1. Еңбек нарығы А. Мамандыққа оқымаған адамдар тобы
2. Құрылымдық
жұмыссыздық
В. Еңбекақысы жоғары жұмыс орнына ауысу
кезіндегі жұмыссыз адамдар
3. Циклдік
жұмыссыздық
С. Белгілі бір жыл мезгілдерінде ғана жұмыс
істейтін адамдар
4.Уақытша
жұмыссыздық
Д. Кәсіби шеберлік пен біліктіліктің болуы
5. Маусымдық
жұмыссыздық
Е. Жұмыс орындарының жабылуына
байланысты жұмыссыз қалған адамдар
6. Еңбек нарығының
талабы
Ж. Елдің экономикалық жағдайының
көрсеткіші
[3]
2. Еңбек нарығындағы жұмыскерлерге қойылатын талаптар жұмыссыздықтың қай түріне
жиі ықпал етеді? Ойыңызды мәтіндегі ақпараттармен дәлелдеп, 2 сөйлеммен беріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
11
Оқылым
Еліміздің өндіріс салаларының барлығы, тіпті, біздің өміріміздің өзі химия өнеркәсібіне
тәуелді. Қазіргі кезде өндірістік үдеріс, өндірістік өнімдердің көпшілігі химиясыз өмірге
келмейтіндігі белгілі. Химия өнімдеріне деген сұраныс тек өндіріс саласында ғана емес,
күнделікті тұрмыста да қажеттілік тауып, үлкен сұранысқа ие болып, күннен-күнге қанатын
кеңге жайып келеді.
Әлемдік жаһандану жағдайында, ғылыми-техникалық прогресстің дамуында химияның
алатын рөлі зор. Химияны дамыту арқылы әлемде табиғи шикізат қорларын үнемдеуге қол
жетті. Мәселен, адамзат химиялық өнімдерді пайдалану арқылы қаншама ағашты үнемдеп,
тамырына балта шабудан аман алып қалғанынан ғана оның пайдасының бір жағын көруге
болады. Әрине, өндіріс қалдықтары мәселелері әлемді толғандырып, әлі де соңына дейін
шешілмеген күйі қалып отыр. Химиялық үдерістер өндіріс тиімділігіне өз әсерін тигізіп, оны
одан әрі арттыра түсуде. Химия өнеркәсібі әлемдік өнеркәсіп өнімнің 20 мыңнан аса түрін
шығарады. Бұл өнімдер машина жасауда, жеңіл өнеркәсіптерде, медицинада, электрондық
өндірісте кеңінен қолданылуда. Ал елімізде химия өнеркәсібін дамытуға қандай
мүмкіндіктер бар?
Қазақстан химия өнеркәсібін дамыту үшін қажетті шикізатқа бай республика болып
табылады. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы біздің елімізде бар. 70 элементтің
қоры зерттелген. Ал өндіріске 60-тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал
шикізатының 1225 түрі бар және 493 кен орны белгілі. Пайдалы қазбалар қорының көлемі
жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын мен мырыш
өндіруден бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель мен фосфат шикізатын өндіру
бойынша екінші, алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың
елеулі қоры бар, олар негізінен еліміздің батыс бөлігінде орналасқан. Мұнай өңдеу негізінде
елімізде мұнай химия саласы қарқынды дамуда. Жыл сайын мұнда 32 миллион тонна мұнай
өндіріледі. Бұл республикамызды әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатарына
қосатыны көңіл қуантады.
Табиғаты бай, табиғи шикізаты мол қазақ даласында химия өнеркәсібі елімізде ежелден
қалыптаса бастады. Қола дәуірінде Қазақстан даласын мекендеген тайпалар әлемдегі
алғашқы қола өндірушілердің бірі болды.
3. Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге
түсіріңіз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.