Танымдық әрекетін түзету сабағы
Күні: 04.09.2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Ым-ишырат және қимыл тілі. (пантомимика).
Сабақтың мақсаты:Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас
дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынас орнатуға ,дайындық
жағдайында қоршаған ортамен байланыстыру
Білімділік,икемділіктер ,дағдылар: ым және қимылдың қатынастағы ролімен
танысу және олар арқылы ақпаратты жеткізе білу.
Шығармашылық ойындар : « Айна », «Ертегіні бейнеле »,әдет-ғұрып ойындары
«Амандасу –қоштасу »
Сөздік: Ишарат қимылы—мимика пантаномика.
Сөйлеу тілін дамыту :Сөздерді дұрыс пайдалану ,сөйлемдерді дұрыс құрастыру
Сабақтың түрі: ойын терапиясы.
Ойын материалы:Әр-түрлі ишараттар мен қимылды көрсетіп тұрған адамдар
бейнеленген карточкалары, суреттері ,
Оқыту әдістері:көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті
көрсету.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу ,құралдарын даярлау.
ІІ.Кіріспе : әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасу ». Баланың қимылды
қайталауын бақылау.
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Тренинг Мен қандаймын ?
Мен-тіл алғышпын,
Мен- қайрымдымын,
Мен –үлкенді сыйлаймын ,
Мен –кішіге қамқормын,
Мен –күштімен,
Мен-ептімін,
Мен –бәрінен де мықтымын !
2.Ойын « Айна »Әр-түрлі қимылды шатастырмай тез орындауын ,оқушы көңілкүйінің көтерілуін қадағалау.
3.Дидактикалық ойын :Ертегіні бейнеле. «Шалқан » ертегісі
Оқушының әр-түрлі ертегі кейіпкерін дыбыспен ,қимылмен ажыратып айта
отырып ертегі мазмұнын түсіндіру.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту :
Бүгін қандай ойындар ойнадық ?
Саған сабақ ұнады ма?