Анықтама
Сынып сағатының тақырыбы: «Жол-көлік оқиғаларының себептері» ЖЖЕ №2 / «Ұстаз –
ұлы тұлға»
Қауіпсіздік сабағы (10 минут): №6-сабақ
5-сыныптар: «Қауіпті челленждер»
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды ұстаз еңбегін құрметтеуге, ұстазға алғыс айтуға
тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге үйрету.
«Құрмет», «Алғыс», «Ізгілік» құндылықтарын бойына сіңіру.
Қауіпсіздік сабағының мақсаты: Оқушыларды қауіпті әуестіктермен таныстыру.
Қауіпсіздік сабағының міндеттері: Оқушыларды зиянды бағдарламалармен таныстыру.
Алынған ақпаратпен жұмыс істеуге, талдауға үйрету.
Алған білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын дамыту.
Құндылықтарды дарыту: Тәуелсіздік және отаншылдық. Қазақстан азаматының
міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу .
Апта дәйексөзі: «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың».
Сынып сағатының барысы
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
Сынып жетекші оқушылармен сәлемдесті, мемлекеттік гимн орындалды.
Оқушылар сабаққа дайындалды, сұрақтарға белсенді жауап берді.
Психологиялық ахуал қалыптастырылды, сабақтың мақсаты түсіндірілді.
Сабақ басы – Қауіпсіздік сабағы (10 мин)
Тақырып: «Қауіпті челленждер»
Мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Жасөспірімдерге қауіпті қызығушылықтардың
салдары көрсетілді.
Оқушылар челлендждер туралы талқылады: пайдалы (спорттық , қайырымдылық ) және қауіпті
түрлері.
Қауіпті челлендждердің мысалдары келтірілді: денсаулыққа зиян, дене жарақаттары , заң
бұзушылық.
Қауіпті челленджді тану жолдары, одан бас тартудың маңызы түсіндірілді.
Егер қауіпті шақыруға тап болса, «Жоқ» деп айтудың маңыздылығы айтылды.
Сабақ соңында оқушылар интернеттегі кез келген танымалдылықтан денсаулық маңызды
екенін түйді.
Ортасы (30 мин)
Тақырып: «Ұстаз – ұлы тұлға»
- Мұғалім Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет берді.
- «Ұстазым, менің ұстазым…» әні тыңдатылды.
- Жеке жұмыс: «Ұстазға тілегім» атты өлеңдер оқылды.
- Топтық жұмыс: