Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Русский раздел » ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 11-сынып 2-тоқсан

ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 11-сынып 2-тоқсан

08 ноя 2023, 09:38
Русский раздел / СОР СОЧ / 11 класс
601
1

«Қазақ тілі мен әдебиеті»пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Тапсырмалар түрлері:
Жабық типті тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырма
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 11-сынып 2-тоқсан

Тыңдалым
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы
еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Елде
жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған
халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз
жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге қатысуға даяр тұрады. Жұмыссыздық –
жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның
басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.
Жұмыссыздықтың түрлері:
Уақытша жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс
орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу
белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе, жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса.
Адамдардың жұмыс істемеген осы аралықтағы уақыт уақытша (фрикциялық)
жұмыссыздыққа жатады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық
прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандықтар өшіп, олардың
орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе, біздің елімізде соңғы он жылда
құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық
экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен
қатар жүрді.
Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым
кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл, әсіресе, қысы мен жазы климат жағдайы
бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
Циклдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау
кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып
алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының
қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді. (234 сөз)



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Гость айжан
Гость айжан

қазақ әдебиеті пәнінен тжб 11 сыныпқа керек еді

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.