БЖБ Қазақ тілі 3 сынып 2 тоқсан «Уақыт»

БЖБ Қазақ тілі 3 сынып 2 тоқсан «Уақыт»



«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



Қазақ тілі 3 сынып 2 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)



Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау БЖБ



Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер
мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі
сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын анықтайды
• Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле ().
 Ол үшінші сыныпта оқиды.
 Ол бос уақытында киноға барады.
 Ол өзінің уақыт кестесін жасады.
• Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
1) Айдар таңертең сағат нешеде тұрады? ________________
2) Ол кешке сағат нешеде ұйықтайды? ________________
2-тапсырма
Уақыт кестесін құрудың қандай пайдасы бар? Тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеле.
Тірек сөздер:
 Күн тәртібін сақтау, бос уақыт, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты дұрыс бөлу, жұмыс
пен демалысты реттеу, уақытты босқа өткізбеу