БЖБ Қазақ тілі 3 сынып 2 тоқсан «Сәулет өнері»

БЖБ Қазақ тілі 3 сынып 2 тоқсан «Сәулет өнері»



«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



Қазақ тілі 3 сынып 2 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)



Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау БЖБ



Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.3.4.1* Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін
нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?)
құрастыру және оған жауап беру
3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/ісқимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің
мағынасын ажырату, ауызша/ жазбаша тілде қолдану
3.5.1.5* Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін
сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен
құрмалас сөйлем құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап
береді
• Заттың сынын білдіретін сөздерді орынды қолданады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
• «Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді? _____________________________
• Ғимарат неше бөліктен тұрады? _____________________________
• Қандай? қай? қашан? қайда? сұрақтарының біреуін қолданып, мәтін бойынша 1
сұрақ құрастырып жаз.
 ___________________________________________________________________
2-тапсырма
Суретке қара. Бөлмені 4-5 сөйлеммен сипаттап жаз.