БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып «Ұлттық таным және мерекелер»

Жиынтық бағалау «Ұлттық таным және мерекелер»

Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып «Ұлттық таным және мерекелер»

«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды
анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін
идеясымен байланысын анықтау
10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш
құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды
анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін
идеясымен байланыстырады
 Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын
қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мәтін идеясымен
байланысын 1 сөйлеммен жазыңыз.
Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Айт намазы оқылады. Мұсылман халқы жуынып,
таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барады. Өмірден өткен
туған-туыстарына арнап құран бағыштайды. Айт намазына келушінің мешітке барарда басқа
жолмен, үйіне қайтарда басқа жолмен жүргені абзал. Бұл Құрбан айт намазына барушыға
көп жер куә болсын дегеннен шыққан.
Көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырып, «Айт құтты болсын!» айтысады. Айт күндері
мейлінше көтеріңкі көңіл күйде, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта
табысып, айт күндері татуласқан жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін арнайы барып
сұрау, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға да айттың қуанышын сездіру
өте сауапты істерге жатады. Бұған қоса әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң,
жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сияпат жасап, Айт
мейрамын ерекше өткізуге де болады.
Бұл күннің ерекшелігі шариғат бойынша мұсылмандар құрбандық шалады. Ал
құрбандық шалудағы ең маңызды жайт – оны Аллаға арнап сою. Сондықтан да құрбандық
деп Құрбан айт күндерінде шалынатын малды айтады. Оны үшке бөліп, бір бөлігі туғантуыстарға, екінші бөлігі кедей, мұқтаж жандарға, үшінші бөлігі отбасына қалдырылады.
Шалынған малды түгелдей мұқтаж жандарға таратуға да болады. Құрбандық шалу тек мал
бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі,
басқаларға жанашырлығы, пенденің сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Құрбан айт мерекесінің қоғамдық маңызы зор деп ойлаймын. Меніңше, ол туыстық
қарым-қатынастарды нығайтып, жақындастырады. Мұсылмандардың бір-біріне деген
сүйіспеншілік, сыйластық, өзара құрмет сезімдерін арттыруға септігін тигізеді.