ТЖБ Қазақ тілі 4 сынып 2 тоқсан Т2
ТЖБ Қазақ тілі 4 сынып 2 тоқсан Т2
2 тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Қазақ тілі 4 сынып 2 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 16
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым, екінші тапсырма айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым дағдысын, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
«Қазақ тілі» пәнінен 2 тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Әлемде мамандықтың түрі көп. Менің достарым ғарышкер, ұшқыш немесе биші
болуды армандайды. Ал менің арманым – дәрігер болу. Дәрігер мамандығы – қиын,
жауапкершілігі мол мамандық. Дәрігерлер мейірімді болуы керек, өйткені ол науқас
адамдарды емдейді. Сонымен қатар дәрігерлер өте шыдамды болады. Олар күндіз де,
түнде де көмекке келеді. Дәрігерлерге қателесуге болмайды, өйткені оның жұмысы
адамның өмірімен байланысты.
Дәрігер болу үшін көп оқу керек. Сондықтан нағыз дәрігер болу үшін мен қазірден
бастап өз оқуыма көңіл бөлемін.
1) Дәрігерлерге неліктен қателесуге болмайды?
А) өйткені оның жұмысы адам өмірімен байланысты
В) өйткені оның жұмысы көп уақытты қажет етеді
С) өйткені оның жұмысы дәрілермен байланысты
D) өйткені оның жұмысы көп оқуды қажет етеді
[1]
2) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
• Дәрігерлер адамдарға кез келген жағдайда көмектеседі, сондықтан олар
______________________________________________________ болуы керек.
• Дәрігерлер науқас адамдарды емдейді, сондықтан олар
______________________________________________________ болуы керек.
[2]
3) Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта.
А) Оның достары әнші, өрт сөндіруші болды армандайды.
В) Оның ойынша, дәрігерлердің қатесін түзетуге болады.
С) Оның ойынша, дәрігер болу үшін жақсы оқу керек.
D) Оның алға қойған мақсаты – ғарышкер болу.