БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 2 тоқсан «Заң – қоғамның тірегі»
Жиынтық бағалау «Заң – қоғамның тірегі»
Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 2 тоқсан
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жиынтық ағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 2 тоқсан «Заң – қоғамның тірегі»
«Заң – қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Орта көлемді поэзиялық, прозалық шығармалардан
үзінді тыңдау (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені
анықтап, өз пікірін білдіру
9.2.3.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі
интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз
ойын жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Тыңдалған поэзиялық, прозалық үзінділердегі
(тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені
анықтап, пікір білдіреді
Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді
қолданып, ойын жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұрлық
Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне
ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін
көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті.
Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен
өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де,
өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды.
Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып
жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып
жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап
кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып
жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа
түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты
түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала халқы
бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық
істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. Бірте-бірте
байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын
ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады.
Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады.
Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана
өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті.