БЖБ Қазақ тілі 5 сынып 3 тоқсан «Денсаулық – зор байлық»

«Денсаулық – зор байлық» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі 5 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)


Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


БЖБ Қазақ тілі 5 сынып 3 тоқсан «Денсаулық – зор байлық»

«Денсаулық – зор байлық», «Менің Тәуелсіз Қазақстаным», «Аспан әлемінің
құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
сұрақтарға жауап беру
5.2.4.1 Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,
соған сүйеніп баяндау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді
 Жоспар бойынша баяндайды
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мұрат лагерьден келген күннің ертеңіне терезенің жанында бірдеңе тасырлаған соң
Ұлжан сыртқа қараса, баласы бір орында жүгіріп тұр екен. «Бұнысы несі?» - деп таңданды
Ұлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен
түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып,
біресе тұрды. Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды.
Тысқа шықты да: «Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?» - деді
Ұлжан шешей. «Жаттығу жасап жатырмын», - деді баласы. «Ол не дегенің?». «Лагерьде
бізге күнде ертемен жаттығу жасататын. Үйде де жасап тұрыңдар деген. Aпa, бұның
пайдасы зор. Үнемі жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысқан адамның
денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді». Ұлжан дөңгелек столға шай жасап
жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогын алып тысқа шығып кетті. Үйдің артында
өзен бар еді. Бақшадан келе жатқан Батырбай қарт бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан
баласын көрді. «Мұратжан-ау, мынауың не?» - деді. «Шынығып жатырмын», - деп жауап
берді Мұрат.