БЖБ Қазақ тілі 3-сынып, 4 тоқсан «Демалу мәдениеті. Мерекелер»

«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі 3 сынып 4 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 3-сынып, 4 тоқсан «Демалу мәдениеті. Мерекелер»

«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің 
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.3.4.1* Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін 
нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? 
қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.5.1.3* Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің 
шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде 
қолдану
3.5.1.5* Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін 
сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен 
құрмалас сөйлем құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап 
береді
• Сөйлеу және жазу барысында қалау райлы етістіктерді 
қолданады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтін бойынша кестені толтыр. 
Кейіпкерлер Іс-әрекеті (не істеді?)
Анасы 
Достары 
• Қандай? қашан? қайда? сұрақтарының біреуін пайдаланып, мәтін бойынша 
1 сұрақ құрастыр. 
____________________________________________________________
2-тапсырма
-ғы/-гі + келеді формасын қолданып, сұрақтарға жауап жаз. 
1) Cен туған күніңе кімдерді шақырғың келеді?
2) Қандай сыйлықтар алғың келеді?