ТЖБ Қазақ тілі 3-сынып 4-тоқсан

3-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ тілі» 4-сынып

Тоқсандықжиынтықбағалауоқубағдарламасыменоқужоспарыныңмазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді

Негізгі орта білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)

Тапсырмалар түрлері
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі 3-сынып 4-тоқсан

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. 
Наурыз.
• Мәтін не туралы? ___________________________________
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін үш сөйлемді белгіле (). 
[4]
 
 22-наурыз – жыл басы, жаңа жыл мерекесі болып саналады. Адамдар бұл 
мерекені асыға күтедi. Бұл күнi адамдар таза, жаңа киiм киедi. Бiр-бiрiн 
мерекемен құттықтайды. Әр үйде дастарқан жайылады. Жетi түрлі тағам қосылған 
наурыз көже пiсiредi. Үлкен кiсiлер бата бередi. Наурыз тойы өте қызықты өтеді. 
Адамдар ән айтып, би билейді. Ұлттық ойындар ойнайды. Балалар алтыбақан тебеді. 
Маған Наурыз мерекесі ұнайды.
Наурыз мерекесінде үлкен кісілер бата береді.
Наурыз күні әр үйде мол дастарқан жайылады. 
Наурыз көжеге жиырма екі түрлі тағам қосылады.
Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады