БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан бөлім «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер»
Жиынтық бағалау бөлімі «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер»
Қазақ тілі мен әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Оқу мақсаты 5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және
нақты ақпаратты анықтау
5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап
беру, шағын диалогке қатысу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады
Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты
түсінгендігін көрсетеді
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін
анықтаңыз.
Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты.
Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.
Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап.
Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.