ТЖБ 1 -тоқсан «Қазақ тілі мен әдебиеті» 5 сынып
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес)
5 сынып 1 тоқсандық жиынтық бағалау
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым- 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Отбасындағы дәстүр мен мерекелер
Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала
Қазақстандағы жан -жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ - салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады.
Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата- анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті. (112 сөз)
1. Бос орындарға берілген сөздердің тиістісін қйып жазыңыз.
Сөздер: құрмет көрсету, сәбидің, халықтың
1) Әрбір ... өзінің дәстүрлері болады.
[1]
2) Қазақ халқының аса қадірлі салты - ... .
[1]
3) Қазақ отбасындағы үлкен қуаныштардың бірі - ... жаңа өмірге келуі.
[1]
2. Қазақ халқына тән екі қасиетті белгілеңіз.
a) бауырмалдық
b) жомарттық
c) есепшілдік
d) қонақжайлық
e) саудагерлік
[2]
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп