БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 8 сынып 1 тоқсан «Білім. Ғылым. Инновация»
Жиынтық бағалау бөлімі «Білім. Ғылым. Инновация»
Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 1 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 8- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ «Білім. Ғылым. Инновация»
Оқу мақсаты 8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі
ойды анықтау
8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып,
ауызша мәтіндер құрау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы негізінде
анықтайды
• Ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер мен көркемдегіш
құралдарды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы
60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.
Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл
бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін
екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады.
Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып
алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның
бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жемісжидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген
халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.
1. Мәтіндегі ең маңызды 3 тірек сөзді жазыңыз.
2. Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.
А) Нан өте тез көгеріп кетеді.
В) Жаңа технология бактерияларды жояды.
С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.
3. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өнертабыстың адам өміріне пайдасы туралы ойыңызды
білдіріңіз.
Тұрақты тіркестер: үш ұйықтаса түсіне кірмеген, көз майын тауысу, кәдеге асу, көздің жауын
алатын, қас пен көздің арасында.