БЖБ  Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 1 тоқсан «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік»

Жиынтық бағалау «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік»

Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 1 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ  Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 1 тоқсан «Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік»

«Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 11.1.3.1
11.2.5.1
оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени
тақырыптар аясында және мамандандырылған тар
аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин
сөздердің мағынасын түсіну
көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын
алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық
элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі
сөздер мен термин сөздердің мағынасын анықтайды
 Вербалдық және бейвербалдық элементтерді қолданып,
көпшілік алдында сенімді, еркін сөйлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Тыңдалым мәтіні
Жер бетінде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ХХІ ғасырда ең жоғарғы шегіне
жетіп, әлемдік деңгейде ең түйткілді мәселеге айналғандығы ресми түрде мәлімделді. Байлар
мен кедейлер арасындағы алшақтық тақырыбы Томас Пикеттидің «ХХІ ғасырдағы капитал»
атты кітабы жарыққа шыққаннан кейін қызу талқыға салына бастаған. Автордың айтуынша,
қазіргі капитализм – ауқаттылардың заманы. Олар байыған үстіне баюда. Соның салдарынан
әлеуметтік теңсіздік өршіп, бұл құбылыс экономикалық өсімге кері әсер етіп отыр.
Ұйымның зерттеуіне қарағанда, қазіргі уақытта миллиардерлердің қаржысы
дүниежүзіндегі байлықтың 48 пайызын құраса, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 50 пайыздан
асып кетуі мүмкін. Яғни, бұл жағдай алдағы уақытта кедей адамдардың қаржы жинап, аяққа
тік тұруына айтарлықтай кедергі келтіреді деген сөз.
БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес, күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей
саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адамды пақыр кедей немесе қайыршы деп
атауға тура келеді. БҰҰ-ның тағы бір дерегіне сүйенсек, аштық күніне 25000 адамның өмірмен
қош айтысуына себепкер болады екен.
Кедейлікке апаратын бірден бір жол – жаппай жұмыссыздықтың орын алуы. Елдегі
экономикалық жағдай, оның ішінде жалпы ішкі өнім жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша
анықталады десек, жаһанда жаппай жұмыссыздықтың орын алу деңгейі жыл сайын артып
келеді. Алдағы бес жылда дүниежүзінде жұмыссыздар саны 11 миллионға өспек, ал соңғы 7
жылда жұмысқа тұра алмай жүргендердің қатары 31 миллионға артқан. Бұл көрсеткіш
кедейліктің артуына белгілі бір деңгейде ықпал етуде. Бүгінде әлемде 201 миллион адам
кәсіпсіз жүрсе, болашақта олардың саны 212 миллионға жетеді деген қауіп бар. БҰҰ-ның
анықтауы бойынша, әлемдегі 54 елдің жағдайы 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, күрт
нашарлап кеткен.
5
1. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
Ақпарат Ақпарат Сәйкестендіру
1) Бүгінгі капитализм a) 1 АҚШ долларына жетпейтін ақшаға
күнелтетін адамдар тобы
2) Кедей b) байлықтарына лайық салық төлеуі қажет.
3) Пақыр c) қалтасы қалың дәулетті адамдардың
дәуірі
4) Дәулетті адамдар d) әлеуметтік теңсіздікті арттырады.
5) Жұмыссыздық e) кедейліктің өсуіне ықпал етеді.
6) Байлардың санының
артуы
f) күн сайын 1 америка валютасына өмір
сүретін адамдар тобы
2. Берілген сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Сөз/сөз тіркесі Мағынасы
салық
жұмыссыздық
кәсіпсіз
3. Мәтін ақпаратын қолданып, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі маман мен тілші арасында
сұхбат жүргізіңіз. Сұхбат барысында төменде берілген клишелер мен ым-ишараны тиімді
қолданыңыз.
Клише: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; ... дегенмен келісесіз бе; мен сіздің... ойыңызбен
келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рахмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен
келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; ... деген
сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз