БЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 6-сынып «Отан отбасынан басталады»

«Отан отбасынан басталады» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 6-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті (екінші тіл)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті (екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

БЖБ «Қазақ тілі Т2» 6-сынып «Отан отбасынан басталады»

Бөлім «Отан отбасынан басталады»
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты
6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау
арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау
6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты,
мәселені болжайды
• Диалогке қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.
 Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар
отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіпөнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы
қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Тірек сөздер:
 Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрімбұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан
Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың
құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады.
Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әкешешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
 Тірек сөздер:
 Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені
тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше
ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.
Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
Тірек сөздер: