377 психологиялық қызмет
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 тамызда №
29288 болып тіркелді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 112)
тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.06.2023 (алғашқы ресми
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 186 бұйрығымен.
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қызметтің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2)
тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқуағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Ш. Каринова
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы "25" 08
№ 377 бұйрығына
қосымша
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 112) тармақшасына сәйкес әзірленді
және орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі - пс