Вернуться назад Распечатать

Түзету дамыту үйде оқыту көмекші мектеп 2018 2019 ж

Танымдық әрекетін түзету сабағы Күні: 04.09.2018 ж Сабақтың тақырыбы: Ым-ишырат және қимыл тілі. (пантомимика). Сабақтың мақсаты:Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынас орнатуға ,дайындық жағдайында қоршаған ортамен байланыстыру Білімділік,икемділіктер ,дағдылар: ым және қимылдың қатынастағы ролімен танысу және олар арқылы ақпаратты жеткізе білу. Шығармашылық ойындар : « Айна », «Ертегіні бейнеле »,әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасу » Сөздік: Ишарат қимылы—мимика пантаномика. Сөйлеу тілін дамыту :Сөздерді дұрыс пайдалану ,сөйлемдерді дұрыс құрастыру Сабақтың түрі: ойын терапиясы. Ойын материалы:Әр-түрлі ишараттар мен қимылды көрсетіп тұрған адамдар бейнеленген карточкалары, суреттері , Оқыту әдістері:көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті көрсету. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу ,құралдарын даярлау. ІІ.Кіріспе : әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасу ». Баланың қимылды қайталауын бақылау. ІІІ.Жаңа сабақ 1.Тренинг Мен қандаймын ? Мен-тіл алғышпын, Мен- қайрымдымын, Мен –үлкенді сыйлаймын , Мен –кішіге қамқормын, Мен –күштімен, Мен-ептімін, Мен –бәрінен де мықтымын ! 2.Ойын « Айна »Әр-түрлі қимылды шатастырмай тез орындауын ,оқушы көңілкүйінің көтерілуін қадағалау. 3.Дидактикалық ойын :Ертегіні бейнеле. «Шалқан » ертегісі Оқушының әр-түрлі ертегі кейіпкерін дыбыспен ,қимылмен ажыратып айта отырып ертегі мазмұнын түсіндіру. ІІІ.Жаңа сабақты бекіту : Бүгін қандай ойындар ойнадық ? Саған сабақ ұнады ма?