ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН
ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Білім алуға құқығын қамтамасыз ету, білім алуға қажетті әлеуметтік экономикалық
жағдайлар жасау, тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік
білім алу Қазақстан Республикасының азаматтары үшін білім беру саласындағы мемлекеттік
кепілдіктер болып табылады [1]. Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз
ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды. Басқа көптеген мемлекеттер
сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім
беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде
инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін
мойындайды.
Соңғы жылдары мүгедек балаларға білім беру
саласындағы «тең мүмкіндіктер» доктринасына өту үрдісін айқындайтын өзгерістер
білім беру процесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды өмірге қажетті
ғылымның негіздерін оқытып қана қоймай, баланың қоршаған ортаға бейімделуін
қамтамасыз ететін әлеуметтік және тұлғалық маңызды өмірлік құзыреттерді қалыптастыратынын
дәлелдейді. Алайда, қазіргі таңда денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі
бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық
жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын
азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру
қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім
ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту
медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың
(немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту
үйде жүргізіледі [1,2].
Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік
қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық
комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру
бағдарламас