Вернуться назад Распечатать

Түсінік хат инклюзив

Түсінік хат «Жалпыға арналған» білім беру парадигмасының құрамдас бөлігі болып табылатын инклюзивті білім беру барлық балалардың жалпы білім беретін мектепке бару және зияткерлік немесе физикалық қабілеттеріне, мәдени, әлеуметтік, этникалық, нәсілдік, діни тиесілігіне қарамастан, құрбыластарымен бірлесіп оқу мүмкіндіктерінің теңдігін көздейтін тәсілді білдіреді. Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың қолданыстағы нормативтік құқықтық базасының басты постулаты ‒ білім беру ортасын білім алушының жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне бейімдеуді қамтамасыз ететін, педагогикалық әдісті ескере отырып, олардың тұратын жері бойынша барлық білім алушылар үшін тең білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделеді. ҚР «Білім туралы» Заңының баптарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларына тең қолжетімділікті, түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қарастыратын мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының мәні мен принциптері айқындалған. Арнайы сыныптардағы оқу процесі бұзылыс түріне қарай мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарымен және арнайы оқу бағдарламаларымен және ОӘК-мен реттеледі. Жалпы сыныптарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша, арнайы оқу бағдарламаларымен, психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясының (бұдан әрі ПМПК) ұсыныстарына сәйкес жеке оқу жоспарымен және жеке оқу бағдарламаларымен оқуы мүмкін. Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін жалпы білім беретін пә