ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 7 сынып 1-тоқсан
«Қазақ тілі мен әдебиеті» 7 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
Тапсырмалар түрлері
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған.
ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 7 сынып 1-тоқсан
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін оқып-үйренеміз. Үштілді
білу – үлкен өнер
Уақыт – ұлы күш
Жердегі климаттық өзгерістер
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Өзіңді-өзің алдама,
Уақытты салма саудаға.
Жиырма төрт сағат берілді
Балаға, кемпір-шалға да.
Уақытты жарат пайдаңа,
Қолыңды босқа байлама.
Жиырма төрт сағат ─ сенде де,
Жиырма төрт сағат ─ байда да...
Уақытың, ақшаң, табысың,
Жұмсалар бәрі тән үшін.
Ішесің, жейсің, кетеді,
Барлығы қарын қамы үшін.
Ойлама бәрін білем деп,
Шалқып та тасып жүрем деп.
Уақытың – алтын қазынаң,
Жұмсауың керек үнемдеп.
Айбының асып тұрса да,
Байлығың тасып тұрса да,
Уақытың – ақшаң қолдағы,
Ақшаңды босқа жұмсама.
Минутты әрбір бағала,
Секундты әрбір сарала.
Уақытты қайда жұмсадың,
Есептеп, үйрет балаңа.
Өмірін ойлап талайдың,
Тарихын зерттеп қараймын.
Бір күні босқа өтпепті,
Яссауи, Шоқан, Абайдың.
Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар...
Неге біз осы, неге біз,
Ұмытып кете береміз?!
Денсаулық пенен уақыттың,
Қадірін білмей келеміз.
1. Өлеңнің идеясын анықтаңыз.
a) өмір құндылықтары
b) уақыттың қадірі
c) ұлы адамдарға еліктеу
d) мәңгілік өмір
[1]
2. Автордың ойын қорытындылаңыз: Уақыт ...
a) пайдалы
b) жай
c) жылдам
d) мәңгілік
[1]