ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 11-сынып 1-тоқсан
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Тапсырмалар түрлері:
Жабық типті тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент –
тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
ТЖБ «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» 11-сынып 1-тоқсан
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Бай кедейге қарап байып жатыр. Ең бастысы, әлеуметтік жікшілдік ұлғайып барады.
Осыдан үш жыл бұрын зерттеуші Тома Пикетти ауқымды жұмыс атқарды. Соның
қорытындысына қарасақ, қандай жағдай орын алса да, бай байи береді, кедей кедейлене
береді. Ал ғылыми түрде айтсақ, жылдар өтсе де, байлық аз ғана топтың иелігіне жиналады
екен. Яғни үлкен топтардың байлығы азайып, белгілі бір адамдарға өтеді. Мысалы, 2006
жылдан бері бүкіл әлемде байлықтың 99%-ы белгілі 1% адамның қолында ғана деген
мәлімет тараған. Демек байлардың байлығы азайып жатқаны заңдылық.
АҚШ-тың Вашингтон қаласында Петерсен әлемдік экономика институты іргелі
зерттеулер жүргізіпті. Мұнда байлықтың қай тұстан молынан ағылуына байланысты елдерді
дамыған және дамушы елдер деп екіге бөлген. Зерттеу нәтижесі бойынша байлық көзі жаңа
өнім шығару және жаңа бизнес-жоба жасау арқылы пайда болған.
БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерреш: – Әлемде адамзатқа төніп тұрған жеті түрлі
қауіп бар, – дейді. Біріншісі – ядролық қаруды пайдалану қатері, екіншісі – халықаралық
терроризм, үшіншісі – қарулық кикілжіңдердің көбеюі, төртіншісі – климаттың өзгеруі,
бесіншісі – қоғамды жікшілдікке бөлетін тепе-теңсіздіктің белең алуы. Алтыншы –
инновацияның көлеңкелі тұстары. Жетінші – дағдарыстың салдарынан босқындар саны
артып, оларды қабылдауға қарсы елдердің көбеюі. Еуропа елдеріне жол тартқан
босқындарды жақтырып отырған ешкім жоқ. Алайда кейбір мемлекет жанашырлық танытып
жатса, енді бірі елден аластатуға кіріскені белгілі. Сол жеті қауіптің ең қауіптісі – әлеуметтік
теңсіздік. Бұл бүгін ғана пайда болған жоқ. Мысалы, кешегі заманда оңтүстік пен
солтүстіктің мәселесі дегенді жиі естідік. Солтүстік дегеніміз – дамыған елдер. Оған АҚШ,
Канада, Жапония, Ресей, т.б. алпауыт елдер кірді. Ал дамушы елдер оңтүстікте орналасқан.
(233 сөз)
1. Т.Пикетти зерттеуі бойынша қандай қорытынды жасады?
А. байлар кедейлердің көмегімен баийды
В. ауқатты адамдардың байлығы арта береді
С. кенже дамыған елдерде босқындар саны жоғары
[1]
2. Босқындардың санының артуына себеп ........................
А. дағдарыс
В. климаттың өзгеруі
С. әлеуметтік теңсіздік
[1]
3. А.Гутеррештің айтуынша, қай қауіп өте қатерлі?
А. ядролық қару
В. әлеуметтік теңсіздік
С. халықаралық таңкестік
[1]
4-5. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
А. Байлықтың негізі қалай құрылады?
_________________________________________________________________________[1]
Ә. Оңтүстік мәселесі қандай елдерге тән?
_________________________________________________________________________[1]