3-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ тілі» 6 сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Тоқсандықжиынтықбағалаудыңнұсқасы3компоненттентұрады:біріншісі- тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
ТЖБ Қазақ тілі 6 сынып 3-тоқсан жауаптар
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларыСу – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.МорфологияСпорт. Белгілі спорт жұлдыздары.МорфологияҚазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.МорфологияТыңдалым мен айтылымТапсырмаМәтіндітыңдаңыз (оқыңыз). Мәтінде көтерілген басты мәселені, жалпы мазмұнына қатыстыөз пікіріңізді білдіріңіз. Мәтіндегі кем дегенде екі детальді ақпаратты анықтап, оның себебінтүсіндіріңіз.[10]Мәтіндер1-мәтінӘзиз Тастанбеков, профессор, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қазақ күресініңжанашыры:– Көкпар десе, қазақ күресі десе айрықша рухтанып, тақым қыспайтын қазақ жоқ. Біз деәрдайым елеңдеп, рухтанып отырамыз. Күреспен бала кезден айналыстық. Еркін күрестен де,классикалық күрестен де, оның ішінде қазақ күресінен де спорт шебері болдық, дегенмен,осы ұлттық спорт түрінің көптен кенжелеу қалып келе жатқаны рас еді. Баяғыда ел ішіндежылына бір мәрте жарыс ұйымдастырылса, қатты қуанатын едік. Иә, қазақ күресі қақпайдыкөп көрді. Ертеректе, Оңтүстік Қазақстан облысында, Жетісайда қазақ күресіне жанашырағаларымыз он-жиырма жылда бір рет болсын, жарыстар ұйымдастыратын. Соған ел ауыл-ауылдан ағылып келетін еді. Ол іс-шара үлкен тойға ұласатын. Енді сол бірталай теперішкетүскен Қазақ күресінің бағын Ислам Әбішев пен мына Серік інілеріміз бастаған азаматтарашып, ұлттық ойында әлемдік деңгейдегі дүбірге қоса бастады. Елім, халқым деген осынауеңбектері адал жігіттер аман болсын. Енді Қазақ күресін олимпиадаға қосуды діттеп отыр.Ол күннің келетініне де кәміл сенемін...2-мәтінҚазақстандық спортшылар Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойыншажабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін спортшыларел қоржынына 3 «алтын», 3 «күміс», 4 «қола» медаль салды.Жеңіл атлеттеріміз 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер арасында 60метрге жүгіруде Виктория Зябкина 7.32 секундтық нәтижемен алтын, Ольга Сафронова қоламедаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сынында отандасымызЕлена Микина алдына жан салмады. Елена 53.37 секундтық нәтижемен жеңімпаз атанды. Алерлер арасындағы бәсекеде Михаил Литвин үшінші орынды қанағат тұтты.Бұған дейін Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова әйелдер арасында үш қарғыпсекіруден 1 алтын, 1 күміс медаль еншілеген болатын.Белбеу күресінен сынға түскен Ерсұлтан Мұзаппаров және Перизат Жақыпбековакүмісті,ДидарСәтбаевқоламедальдіжеңіпалды.Сондай-ақ,джиу-джитсудан55кгсалмақта өнер көрсеткен Галина Дуалова қола медальға қол жеткізді.Сонымен, Азия ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша, Қазақстан 3-орында.3-мәтінҚасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар білебермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілікәдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайдақойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім»,«еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларынаәзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ерадамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару