Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып 2 тоқсан «Абайды оқы, таңырқа»

БЖБ «Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып 2 тоқсан «Абайды оқы, таңырқа»

22 ноя 2023, 15:51
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 6 сынып
242
0

Туған жерім - аялы алтын бесігім» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып 2 тоқсын

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 6-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

БЖБ «Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып 2 тоқсан «Абайды оқы, таңырқа»

Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»

Оқылатын шығарма Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз»
Оқу мақсаты 6.1.3.1 - әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек
тұрғысынан сипаттау
6.3.1.1 - шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра
отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
6.3.3.1 - шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын
отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай
анықтайды
• Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып,
тарихи және көркемдік құндылығына баға береді
• Отбасылық құндылықты көрсетіп, әдеби эссе жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Кейіпкерлердің типтік образын анықтап, кестені толтырыңыз.
Мәтіндегі 1-бала Мәтіндегі 2-бала
Типтік бейнесі
2. Автор адамзат баласының жас кезі мен ұлғайған шағындағы бойда болатын өзгерістерін
салыстыру арқылы нені баса назарда ұстаған? Берілген үзіндінің тарихи және көркемдік,
отбасылық құндылығына баға беріп, құрылымын сақтап, әдеби эссе жазыңыз.
«...Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік.
Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық,
көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын
қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін
айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз,
артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз...» 




Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.