Coздaть aкaунт
KEYSHUB » Қазақша » БЖБ «Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып 2 тоқсан «Ғылым таппай мақтанба»

БЖБ «Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып 2 тоқсан «Ғылым таппай мақтанба»

22 ноя 2023, 15:52
Қазақша / БЖБ ТЖБ / 6 сынып
306
0

Ғылым таппай мақтанба» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып 2 тоқсын

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 6-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. 

БЖБ «Қазақ әдебиеті Т1» 6-сынып 2 тоқсан «Ғылым таппай мақтанба»

Оқылатын шығарма Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба», «Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдері
Оқу мақсаты 6.2.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық
мәселені идеясы арқылы түсіндіру
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтікқоғамдық мәселені анықтайды
• Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» шығармасында қандай әлеуметтік мәселе қозғалады,
өз ойыңызды нақты дәлелмен, 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
2. Берілген өлең жолдарының мәнін ұғындырыңыз.
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?...
Қалай ойлайсыз, берілген өлең жолдары өлеңнің негізгі идеясы бола ала ма? Өз ойыңызды
берілген эпизодтың маңыздылығын аша отырып, нақты дәлелмен жазыңыз (3-4 сөйлем).



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступен в скаченом файле

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.